Служба поддержки
Не получается отправить чек?
Если у вас возникли проблемы с отправкой чека или другие вопросы, то напишите нашим консультантам в AITU. Они вам обязательно помогут :)

 

 

 

 

 

 

«Анвар» дүкендері желісінде «Back To School» НАУҚАНЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ  

 

  1. Жалпы ережелер 

 

1.1. Науқанды Ұйымдастырушы «Марс Қазақстан» ЖШС-ның (әрі қарай – Науқанға Тапсырыс беруші) тапсырысы бойынша «Progression CA» (Прогрэшен Си Эй) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мекенжайы: 050044, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сызғанов көш., 1) (әрі қарай – Науқанды Ұйымдастырушы) болып табылады.  

 

1.2. Науқанның атауы: «Анвар» дүкендер желісінде «Back To School» (мәтін бойынша әрі қарай – «Науқан»).

1.3. Науқан өткізілетін аумақ – Ақтөбе, Орал, Ақтау, Атырау.

 

1.4. Науқанды өткізудің жалпы мерзімі – 2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 2021 жылдың 22 қазаны аралығы (әрі қарай – «Науқанды өткізу кезеңі»). 

 

Науқан өткізілетін «Snickers®», «Twix®», «M&Ms®» сауда маркалары шоколадты батончиктерінің қаптамаларында көрсетілген мерзімдерге қарамастан 2021 жылдың 22 қыркүйегі Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан 2021 жылдың 22 қазаны Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23 сағат 59 минутқа дейінгі кезеңде Науқанға қатысуға болады (әрі қарай – Науқанға қатысу өтінімін қабылдау кезеңі).  

 

1.5. Науқан ережелерімен және оған қатысу шарттарымен https://anvar.kz/ Сайтының «Анвар» бөлімінде танысуға болады. 

 

  1. Сатуды ынталандыру мақсатында өткізіліп отырған Науқанға қатысатын тауарлардың атаулары  

2.1. Науқан «Snickers®», «Twix®», «M&Ms®» сауда маркаларының шоколадты батончиктеріне (әрі қарай – Науқандық өнім) қатысты өткізіледі, атап айтқанда: 

  • Таза салмағы 50,5 грамдық қаптамадағы Snickers® шоколадты батончигі;  
  • Таза салмағы 95 грамдық қаптамадағы Snickers® Super шоколадты батончигі;
  • Таза салмағы 80 грамдық қаптамадағы Snickers® Super шоколадты батончигі;
  • Таза салмағы 40 грамдық және 60 грамдық қаптамадағы Snickers® Crisp шоколадты батончигі;
  • Таза салмағы 55 грамдық қаптамадағы Twix® шоколадты батончигі; 
  • Таза салмағы 82 грамдық қаптамадағы Twix® Xtra шоколадты батончигі;
  • Таза салмағы 45 грамдық қаптамадағы M&Ms® дражесі – жержаңғақ; 
  • Таза салмағы 45 грамдық қаптамадағы M&Ms® дражесі – шоколад; 

 

3.Шарттар, оларды ұстанған жеке тұлға Науқанға қатысушы атанады  

3.1. Қатысушы – 2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 2021 жылдың 22 қазаны аралығы кезеңінде «Анвар» дүкендер желісінен науқандық өнім сатып алып, Науқанға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындаған, Ереженің талаптарына сәйкес келетін тұлға.

3.2. Науқан Ақтөбе, Орал, Ақтау, Атырау қалаларындағы «Анвар» дүкендер желісінде өткізіледі.

3.3. Науқанға іс-әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары және Науқан өткізіліп жатқан кезеңде 14 (он төрт) жасқа толған Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаты бар тұлғалар (әрі қарай – Науқанға Қатысушы) қатыса алады. Қазақстан Республикасы аумағында туылған, ата-анасы Қазақстанның азаматтары немесе Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаты бар тұлғалар болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар (14-18 жас аралығы)  науқанға ата-анасының біреуінің рұқсатымен ғана қатыса алады. 

3.4. Науқанға Науқанды Ұйымдастырушының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері; Науқанды Ұйымдастырушының мүддесін қорғайтын тұлғалар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Науқанды Ұйымдастырушымен үлестес деп танылған тұлғалар, Науқанды Ұйымдастырушымен, белгіленген азаматтық-құқықтық және басқа да байланысы бар, сондай-ақ Науқанды ұйымдастырумен және/немесе өткізумен байланысы бар қызметкерлер мен үшінші тұлғалардың өкілдері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхаты жоқ өзге мемлекет азаматтары қатыстырылмайды.  

3.5. Науқанға Қатысушы Науқанға қатыса отырып, осы Ережелермен танысқанын және келісетіндігін, барлық шарттар мен талаптарды сақтау міндетін өз мойнына алатынын растайды.

3.6. Науқанға қатысып, жүлде алу мүмкіндігіне ие болу үшін 2021 жылдың 22 қыркүйегі 00:00:00 сағат пен  2021 жылдың 22 қазаны сағат 23:59:59 аралығы мерзімінде (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) мына іс-әрекеттерді орындау керек.  

    • 2.1-тармақта көрсетілген Науқандық өнімнің кез келгенін сатып алып, Науқандық өнімнің тауар позициясын көрсете отырып, сауда орнынан алынған кассалық чек түрінде сатып алынғанын растау керек. 

 

  • Чекті Dosmart.kz қосымшасына жүктеу керек.  

 

3.7. Чекті жүктегеннен кейін ол адам автоматты түрде Dosmart.kz қосымшасындағы шотына 10% көлемінде кэшбэк алады 

3.8. 2.1-тармақта көрсетілген науқандық өнімді 1 000 (бір мың) теңгеден асатын сомаға сатып алған және чегін Dosmart.kz қосымшасына жүктеген қатысушы Науқан соңында автоматты түрде Бас Жүлделер ұту ойынына қатысады.

3.9. Dosmart.kz қосымшасына чек жүктелген сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағат ішінде жүктелген чектердің Науқан шарттарына сәйкестігі (модерация) автоматты түрде тексеруден өтеді. Егер тіркелген чек Анвар дүкендер желісі белгілеген параметрлерге сәйкес келмесе, Ұйымдастырушы / Тапсырыс беруші тіркелген чекті Қатысушыға кез келген уақытта есептемеуге құқылы.

3.10. Бір тауар чегі Науқанның барлық уақытында тек бір рет тіркелуі мүмкін. Бір Қатысушы талаптарға сәйкес келетін чектердің шексіз санын тіркей алады.

 

  1. Жүлде қорының құрамы және көлемі

4.1. Науқанның Жүлде қоры Науқанды Ұйымдастырушының ақшалай қаражаты және мүлкі есебінен құралады және мынадай жүлделерден тұрады:

Бас жүлделер:

  • Iphone 12 (62 GB) – 2 дана;

 

  • Dosmart.kz қосымшасына кэшбэк аудару сияқты жүлде қоры шектеулі және 1 800 000 теңгеге тең.

Бүкіл жүлде қоры Dosmart.kz қосымшасындағы Қатысушыларға аударылғаннан кейін кэшбэк аудару автоматты түрде тоқтатылады, бұл туралы қосымша хабарланбайды.

5.Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібі, оның ішінде Науқан жеңімпаздарын анықтау тәртібі және хабарлау тәсілі 

  1. Науқан жеңімпаздарына жүлде беру тәртібі және мерзімі  

6.1. Бас жүлде жеңімпаздарын анықтау Науқан кезеңі аяқталғаннан кейін Dosmart.kz қосымшасына чектерді тіркеген қатысушылар арасында үш күннен соң жүргізіледі. Жеңімпаздарды анықтау арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен ұтысты чекті кездейсоқ анықтау арқылы жүзеге асырылады. Жеңімпаздарды анықтау кезінде Науқанды Ұйымдастырушы негізгі және резервтегі екі жеңімпазды таңдайды. 

* Бас жүлде ұту ойынын өткізу күні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерін ескере отырып түзетілуі мүмкін.

6.2. Ұтыс ойын өткізілгеннен кейін Бас Жүлде иегерін анықтаған соң  5 (бес) жұмыс күні ішінде Науқанды Ұйымдастырушы ұтысқа ие болған Науқанға Қатысушыға тіркелген кезде көрсеткен ұялы байланыс операторының абоненттік нөміріне қоңырау шалу арқылы  хабарлайды. Егер Науқанды Ұйымдастырушы жеңімпаз анықталған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде жеңімпазбен хабарласа алмаса, бұл адам тиісті жүлде алу құқығынан айырылады, Науқанға Тапсырыс беруші жүлдені табыстау үшін резервте тұрған жеңімпазға хабарласады. Егер Науқанға Тапсырыс беруші резервте тұрған жеңімпазға  жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде хабарласа алмаса, бұл жеңімпаз тиісті жүлде алу құқығынан айырылады, Науқанға Тапсырыс беруші мұндай жүлдені өз ұйғарымы бойынша басқаруға құқылы.   

6.3. Бір Науқанға Қатысушы Науқанды өткізудің барлық кезеңінде 1 (бір) бас жүлде ғана ұта алады. 

6.4. Науқан жеңімпаздарының толық тізімі «Анвар» дүкенінің https://anvar.kz/   Сайтындағы Науқан бөліміне (әрі қарай – Науқанды өткізу нәтижелерін жариялау күні) 2021 жылдың 30  қазанынан кешіктірілмей жарияланады.

6.5. Пошталық жөнелтімдерді төлеу, сондай-ақ жүлделерді Науқанға қатысушылар тұратын қалаларға (елді мекендерге) жеткізу бойынша шығындардың бәрін Науқанды Ұйымдастырушы өз мойнына алады.  

 

6.6. Науқан жеңімпаздары Ережеде қарастырылған жүлделерді алу шарттарын орындамаған және мерзімдерін сақтамаған жағдайда тиісті жүлде ала алмаулары және/немесе Науқанның жеңімпазы тиісті жүлде алу құқығынан айырылуы мүмкін.    

 

6.7. Науқанның кәмелеттік жасқа толмаған жеңімпаздары атынан жүлде алуға байланысты іс-әрекеттерді заңды өкілдері іске асырады, олардың құзыреттіліктері Науқанды Ұйымдастырушының алдында тиісті түрде расталуы тиіс. 

 

6.8. Жүлделер Науқанға Қатысушыларға Ережелерде көзделген тәртіптен басқа жағдайларда берілмейді, сондай-ақ жүлделердің ақшалай баламасы берілмейді. Науқанға Қатысушы жүлде алудан бас тартқан, Науқанға Қатысушы осы Ереженің талаптарын орындамаған немесе олар белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен жүлде алмаған жағдайда Науқанға Қатысушы жүлде алу құқығынан айырылады және Науқан жеңімпазына тиесілі жүлде Науқанды Ұйымдастырушыда қалады. Науқан жеңімпаздары Жүлдені қайта талап ете алмайды, ақшалай өтемақысы төленбейді.  

 

6.9. Науқанды Ұйымдастырушыға байланыссыз себептермен тіркелген кезде көрсетілген ұялы байланыс нөмірі Қатысушымен хабарласудың мүмкін болмауы, сондай-ақ Науқанға қатысушы ретінде тіркелген кезде көрсетілген мекенжайларда болмауы Науқанды Ұйымдастырушыны жауапкершіліктен босатады.  

 

  1. Науқанның жалпы шарттары

7.1. Бұл Ережемен «Анвар» дүкенінің https://anvar.kz/   Сайты арқылы танысуға болады. 

 

7.2. Бір Науқанға Қатысушы бір ғана ұялы телефон нөмірін пайдалана отырып, Науқанға қатысуға құқылы. Бір Науқанға қатысушының Науқанға қатысу үшін бірнеше ұялы телефон нөмірлерін пайдаланғаны анықталған жағдайда мұндай Науқанға Қатысушы Науқан аясындағы кез келген жүлдені алу құқығынан айырылады. Тіркелу кезінде көрсеткен бірнеше ұялы байланыс телефонының нөмірі бар қатысушыны анықтау идентификаторы – бірнеше ұялы телефон нөмірі бірдей болып тұратын тұрғылықты жер болып табылады, мұндай жағдайда Науқанды Ұйымдастырушы Науқанға Қатысушыны Науқанға қатысу құқығынан айыруға және ол Қатысушының ұтып алған жүлделерін жартылай немесе толық көлемде кері қайтарып алуға құқылы.  

 

7.3. Науқанға қатысу фактісі Науқанға Қатысушылардың өздерінің аты-жөндері, тектері, фотосуреттері, бейне, аудио және өздері туралы өзге де материалдарды Науқанды Ұйымдастырушы Науқанға Қатысушыларға қандай да бір сыйақы төлемей-ақ, Науқанды өткізумен байланысты кез келген жарнама және (немесе) ақпараттық материалдарда пайдалануына келісім беретіндігін білдіреді. Науқанның Жеңімпазы оларға қандай да бір сыйақы төлемей-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруге және осы Науқанды өткізуге байланысты дайындалған жарнамалық материалдарға арналған түсірілімге түсуге келіседі. Мұндай жарнама материалдарына деген барлық құқық Науқанды Ұйымдастырушыға тиесілі.  

 

7.4. Сайтқа тіркелген Науқанға Қатысушы Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті азаматы екендігін, өзінің жеке әрі дұрыс мәліметтерін хабарлағанын және Науқанды Ұйымдастырушыдан жарнама науқандары, сыйлықтар, өнім үлгілері және басқа да ұсыныстар туралы ақпарат алуға келісетіндігін растайды. Қатысушының келісімі мұндай мәліметтерді рұқсатсыз таратудан қорғаудың қажетті шараларын жасайтын Науқанды Ұйымдастырушыға және оның уәкілетті тұлғаларына Науқанды Ұйымдастырушының және/немесе олардың уәкілетті өкілдерінің Науқанды Ұйымдастырушының жарнама науқандарына қатысты Науқанға Қатысушылармен электр байланысы арқылы байланысуды, оның ішінде СМС-хабарлама және электронды пошта арқылы хабарлама жолдауды жүзеге асыруға қажетті сауалнамада көрсетілген Қатысушының мәліметтерін жинау, сақтау, өңдеу және пайдалануды жүзеге асыруға құқық береді. Келісім Науқанға Қатысушының тіркеу мәліметтерін хабарлаған сәттен бастап Науқанға Қатысушы оларды кері қайтарып алғанға дейін жарамды. 

 

7.5. Науқанға Қатысушы келісімді қайтарып алу туралы қол қойылған жазбаша хабарламаны 050044, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сызғанов көш., 1 үй мекенжайына Қатысушының Науқанға қатысу үшін тіркеу мәліметтерінде хабарланған тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін және мекенжайын көрсете отырып жолдап, келісімді кері қайтарып алуға құқылы.   

 

7.6. Келісімді кері қайтарып алу туралы хабарлама алған жағдайда Науқанды Ұйымдастырушы және оның өкілетті тұлғалары мұндай Қатысушының жеке мәліметтерін өңдеуді тоқтатып, келісімді кері қайтарып алу түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен асырмай, жеке мәліметтерді жояды.   

 

7.7.  Науқанды Ұйымдастырушы Науқанға Қатысушы келісімін кері қайтарып алу нәтижесінде оның жеке мәліметтерін жою салдарынан Науқанды өткізуге байланысты іс-әрекеттерінің орындалмағаны үшін жауапты болмайды.  

 

7.8. Науқанды өткізу барысында Науқанға Қатысушылар алатын жүлделердің салығын төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады